Мәскеудің «Алабино» полигонында өткен халықаралық ойындарында Қазақстан қарулы күштері үшінші орынды иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеудің «Алабино» полигонында өткен халықаралық ойындарында Қазақстан қарулы күштері үшінші орынды иеленді

15.08.2017

Жарысқа әлемнің 28 елінен 1500 армиялық команда қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша, Ресей Федерациясының командасы бірінші орынды, Қытай Халық Республикасының құрама командасы екінші орынды иеленді. Қазақстандық армияның абыройын 350-ден аса әскери қызметші қорғады. Құрамамыздың қоржынында 3 алтын, 7 күміс және 5 қола медаль бар. «Танк биатлоны» байқауында танкішілеріміз 1 сағат 45 минут 41 секунд нәтижесімен Т-72 танкісінің базалық моделінде жоғары кәсібилік пен басқару шеберлігін паш етіп, екінші орынды иеленді. 

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу