Шымкентте ескек есу спорт түрлерін дамытуға арналған әмбебап спорт кешені ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте ескек есу спорт түрлерін дамытуға арналған әмбебап спорт кешені ашылды

03.11.2015
Шымкентте ескек есу спорт түрлерін дамытуға арналған әмбебап спорт кешені ашылды
Заманауи үлгіде салынған спорт ғимаратының жаттығу залы ескек есуді меңгеруге арналған түрлі құралдармен жарақталаған. Кешеннің өз асханасы мен жатақханасы бар.

Бүгінгі таңда өңірде спорттың бұл түрімен 300-ден астам азамат кәсіби тұрғыда шұғылданады. Спорт мектебінің түлектері байдарка, ескек есу, желкенді қайық, триатлон мен жүзуден өткен жарыстарда топ жарып келеді.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу