Шымкентте жасөспірімдер арасында ескек есуден жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жасөспірімдер арасында ескек есуден жарыс өтті

11.07.2018

Шымкентте байдарка және каноэде ескек есуден жасөспірімдер арасында жарыс өтті. Оған көрші Қырғыз елінің ескекшілері де қатысты. Спортшылар 200 метр қашықтықта өте белсенді өнер көрсетті.  Жалпы, 14-16 жас аралығындағы 150 спортшы қатысты. Бұл спорт түрін қазір Шымкент даласында дамыту қолға алынды. Бұрын аса қызығушылық тудырмағанымен, қазір жастар көптеп тартылып жатыр. Ғасырға жуық тарихы бар бұл спорт түрі бүгінде өте беделді халықаралық бәсекенің біріне айналып отыр. «Ендігі меже, әрине, республикалық бәсекеде топ жару», - дейді ұйымдастырушылар.

Денис Жарменов, бапкер:

- Бұл біздің алғашқы өткізіп отырған турниріміз. Басты мақсат - саламатты өмір салтын насихаттау. Қазақстанның ескек есу спорты өкілдері Олимпиадаларға да жолдама алып жүр. Ал, біздің жеңімпаздар Алматы қаласында өтетін бәсекеге қатысады.

Светлана Ким, ұйымдастырушы:

- Біздің өңірде осындай спорт түрі белсенді дамып жатыр. Қатысамын дегендерге есік ашық.  Өйткені, спорт денсаулық кепілі. Сондықтан да алдағы уақытта демеушілік көрсетуге дайынбыз.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу