Оралда қазақ күресінен турнир өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда қазақ күресінен турнир өтеді

20.09.2014
Оралда қазақ күресінен турнир өтеді

21 қыркүйекте Оралдағы жабық мұз айдыны сарайында қазақ күресінен «Жайықтың арыстары - қазақтың барыстары» атты республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

БҚО Қазақ күресі федерациясының президенті Қаймен Есендияровтың айтуынша, турнир даңқты спортшылардың құрметіне өткізілмек. Олар: қазақ күресінен Қазақстанның 1939 жылғы тұңғыш түйе палуаны, кейін ІІ Дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан Еңсеп Досқалиев, самбодан 1989 жылғы Әлем чемпионы Асқар Шайхиев пен оның бапкері, Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Батыр Қуанышев және қазақ күресінен БҚО-ның бірнеше мәрте түйе палуаны Оралбек Қожагелдин.

Жарыста 90 және 90 келіден жоғары салмақта Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан (әр ауданнан бір адамнан) облыстары және Алматы, Астана қаласының палуандары бақ сынайды.

Жеңімпазға 1 миллион теңге табыс етілмек.

Хабарламаларға жазылу