Сұраныстағы мамандықтардың тізімі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сұраныстағы мамандықтардың тізімі жарияланды

26.10.2020

Елімізде ең көп сұраныстағы мамандықтардың тізімі жарияланды. Әсіресе Нұр-Сұлтан, Алматы, Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды және Қостанай облыстарында жұмыс күші тапшы. Мәселен шілде-тамыз айларында электронды еңбек биржасына 176 мың бос жұмыс орны ұсынылған. Сұраныстағы мамандық – жол құрылысшысы. 7 мың бос орын. Күзетші де тапшы. 5 мың орын бос. Әрі төрт мыңнан астам көлік жүргізушісі қажет. Бастауыш сынып мұғалімдеріне де 3 мыңнан астам вакансия бар. Медбикелер де жетіспейді.  

Досжан Маратұлы 


мамандық жол құрылысшысы

Хабарламаларға жазылу