«Вуэльта» велокөпкүндігінің V кезеңі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Вуэльта» велокөпкүндігінің V кезеңі аяқталды

27.08.2015
«Вуэльта» велокөпкүндігінің V кезеңі аяқталды

«Вуэльта» велобәйгесінің 5-ші кезеңі аяқталды. Берілген қашықтықты «Орика Грин Эйдж» командасының өкілі  Калеб Юэн бірінші болып бағындырды. Екінші орында неміс Джон Дегенгольб болса, үздік үштікті  словак Петер Саган түйіндеді.  

Ал «Астана» командасының нәтижесіне келетін болсақ, Луис Леон Санчес 24-ші орынға табан тіреді. Жалпы есепте голландиялық Калеб Юэн топ бастап тұр.

Астаналық Фабио Ару мен Микель Ланда  10-шы, 11-ші орындарда. Бұл жарыстың күнделігін ертең сағат 14:35-те біздің «KAZsport» телеарнасынан  көре аласыздар.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу