«Вуэльта» веложарысының 19-шы кезеңі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Вуэльта» веложарысының 19-шы кезеңі аяқталды

13.09.2014
«Вуэльта» веложарысының 19-шы кезеңі аяқталды

«Вуэльта Испания» веложарысының 19-шы кезеңі аяқталды. Бұл жолы мәре сызығын бірінші болып «Lotto Belisol» командасының спортшысы Адам Хансен кесті.

Екінші орынға жеңімпаздан 5 секунд кешіккен неміс шабандозы Джон Дегенкольб ие болса, үздік үштікті италиялық Филиппо Поццато түйіндеді.

19-шы кезеңнің қортындысы бойынша «Астана» командасының өкілі, италиялық Фабио Ару жалпы есепте 5 сатыда тұр. Ал топ басында - «Tinkoff-Saxo» ұжымының спортшысы Альберто Контадор.

 

Рүстем БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу