«Джиро д’ Италия» велокөпкүндігі жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Джиро д’ Италия» велокөпкүндігі жалғасуда

13.05.2016
«Джиро д’ Италия» велокөпкүндігі жалғасуда
«Астана» командасының даниялық шабандозы Якоб Фульсанг бұл кезеңде мәре сызығын екінші болып кесті.

«Джиро де’Италия» велобәйгесінің алтыншы кезеңі мәресіне жетті. Бұл кезеңде шабандоздар 157 шақырымды жүріп өткен болатын.

«Астана» командасының даниялық шабандозы Якоб Фульсанг бұл кезеңде мәре сызығын екінші болып кесті. Якоб Фульсангтың алдын ораған бельгиялық Тим Велленс бірінші нәтиженің иесі атанса, үздік үштікті ресейлік Ильнур Закарин қорытындылады.

«Джиро д’Италия» велокөпкүндігінің шолуын «KazSport» телеарнасының эфирінен көре аласыздар.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу