«Астана Арландары» командасы WSB-ның екі дүркін чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Арландары» командасы WSB-ның екі дүркін чемпионы атанды

22.06.2015
«Астана Арландары» командасы WSB-ның екі дүркін чемпионы атанды

Екі күнге созылған тартысты шаршы алаң бәсекесі Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтті. Кездесудің алғашқы күні арландар сапынан Теміртас Жүсіпов, Самат Башенов және Мейірім Нұрсұлтанов командаға 3 ұпай әкелсе, жарыстың екінші күні Олжас Сәттібаев, Асланбек Шынбергенов жеңіске жетті.

Ал, соңғы шешуші бәсекеде Иван Дычко Йоханди Тойрак Ортеганы айқын басымдықпен ұтып, «арландарға» тағы ұпай қосты.

Осылайша «Астана Арландары» бүкіләлемдік бокс сериясы тарихында екі дүркін чемпион атанған алғашқы команда.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу