«Астана» командасы футболдан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» командасы футболдан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды

08.11.2015
«Астана» командасы футболдан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды

Бүгін, 8 қарашада, «Астана» футбол клубы өз алаңында «Ақтөбе» командасын 1:0 есебімен ұтып, Қазақстанның екі дүркін чемпионы атағын иеленді.

Тартысты өткен кездесуде тек бір ғана гол салынды. Оның авторы – «Астана» шабуылшысы Жуниор Кабананга (85-ші минут).

Осылайша елордалық «Астана» өткен маусымдағы атағын қорғап қалып, екі дүркін ел чемпионы атанды. Чемпионаттың күміс жүлдесін алматылық «Қайрат» ұтып алса, «Ақтөбе» қола медальға қол жеткізді.

Хабарламаларға жазылу