«Астана арландары» ширек финалда неміс командасымен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары» ширек финалда неміс командасымен кездеседі

03.03.2014
«Астана арландары» ширек финалда неміс командасымен кездеседі
Қазақстандық «Астана арландары» WSB турнирінің ширек финалында германиялық «Герман Иглс» командасымен кездеседі. Германиялық боксшылар жарыстың оныншы аптасында аргентиналықтардан 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Сол себепті олар өз тобында 3-ші орынға тұрақтап, жеребе бойынша қазақстандық командамен кездесетін болды.
 
Осыған дейін қазақстандықтар германиялық командамен WSB турнирінің 3-ші маусымында жекпе-жекке шыққан. Сол кезде «Астана арландары» қарсыластарынан екі кездесуде де басым түскен.
Осы екі жұптың жеңімпазы жартылай финалда «Италия тандер» немесе В тобында 4-ші орын алған командамен кездеседі («Ресей бокс командасы», «Баку файерс»).

Хабарламаларға жазылу