Алматыда ескек есуден ел Кубогі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ескек есуден ел Кубогі басталды

18.04.2015
Алматыда ескек есуден ел Кубогі басталды

Ескек есу шеберлері үшін жаңа маусым басталды. Осы күндері спортшылар Алматыда ел Кубогін сарапқа салуда. Жарысқа 8 облыстан 64 спортшы қатысуда.

Алғашқы күннің нәтижесі бойынша  ерлер арасында өз қашықтығында     Сергей Емельянов кубок иегері атанса, екі адамдық байдаркада Тимофей мен Михаил Емельяновтар үздік шықты. Ал төрт адамдық байдаркада Илья Голендов, Дәулет Сұлтанбеков, Андрей Ергучев, Александр Емельянов алдарына жан салмады. Соңғы жалдары аталмыш спорт түрі елімізде қарқынды даму үстінде. Биылғы  жыл ескекшілер  үшін ерекше болмақ. Өйткені Олимпиада ойындарына жолдама таратылатын жарыстар өтеді.    Үміт артар спортшыларымыз да баршылық.

 

Хабарламаларға жазылу