Алматыда тоғызқұмалақтан III Әлем чемпионаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тоғызқұмалақтан III Әлем чемпионаты өтті

18.04.2015
Алматыда тоғызқұмалақтан III Әлем чемпионаты өтті

Елімізде соңғы кездері зияткерлік ойындарға жіті көңіл бөлініп келеді. Соның бірі - тоғызқұмалақ ойыны. Алматыда тоғызқұмалақтан III Әлем чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Әлемдік деңгейдегі бұл ірі спорттық шараны Дүниежүзі тоғызқұмалақ федерациясы ұйымдастырды. Тартысты додаға дүниежүзінің 23 елінен 50-ден астам спортшы қатысты. Ал, ерлер және әйелдер арасында ойын классика, рапид, блиц сияқты түрлер бойынша жеке-жеке өткізілді.

Құлмахан САЛЫБЕК

Хабарламаларға жазылу