Тоғызқұмалақтан Аула клубтары арасындағы алғашқы республикалық чемпионат өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоғызқұмалақтан Аула клубтары арасындағы алғашқы республикалық чемпионат өтті

26.11.2015
Тоғызқұмалақтан Аула клубтары арасындағы алғашқы республикалық чемпионат өтті

Қазақстанда ұлттық спорт түрлерін дамыту, насихаттау мен ілгерілету бойынша жұмыс жалғасын тауып келеді. Жуырда Павлодар қаласында Тоғызқұмалақтан тұңғыш Аула клубтары арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді.

Шара Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Павлодар облысы әкімдігінің Білім басқармасы, Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Дене тәрбиесі ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Аула клубтары арасында тұңғыш рет ұйымдастырылған Қазақстан біріншілігіне еліміздің аймақтарынан 6 үздік команда қатысты. Чемпионаттың жабылу салтанатына тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының бас жаттықтырушысы Айнұр Абсадыққызы Жақапбаева және Спорттың балалар-жастар орталығының директоры Еркін Шаймерденұлы Макешов сөз сөйледі.

Чемпионат қорытындысы бойынша: І орын — «Өрлеу» аула клубы (Маңғыстау облысы), ІІ орын — «Қайсар» аула клубы (Павлодар облысы), ІІІ орын — «Серпін» аула клубы (Маңғыстау облысы) иеленді.

Хабарламаларға жазылу