Атырауда ұлттық ойындар ұлықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда ұлттық ойындар ұлықталды

20.03.2024

Атырауда наурызнама онкүндігі қарсаңында ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті. Әр түрлі ұжымдар асық ату, ләңгі тебу және арқан тартыстан жарысқа түсіп, өзара мықтыны анықтады.

Ал мектеп оқушылары тоғызқұмалақтан сынға түсті. Жалпы өңірде жылдан-жылға жастардың тоғызқұмалаққа деген қызығушылығы артып келеді. Мәселен былтыр Таразда өткен Қазақстан чемпионатында Атыраулық 2 студент алтын медальді иеленсе, Алматыда тұңғыш рет өткізілген әлем чемпионатында Мадина Есқайырова жүлделі 3 орынға қол жеткізген.

Құрманбай Әшетов, Тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушы:

Оқушылар телефонға телміріп отырған заманда балалардың көңілін аулау үшін ұлттық ойындарға тәрбиелеу маңызды. Балалардың ойлау қабілеттерін жетілдіреді. Төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелейтін ұлттық ойындардың бірі.

Нұрсұлтан Нұрсейт

Хабарламаларға жазылу