Астанада Каратэ кекушинкайдан ел чемпионаты өз мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Каратэ кекушинкайдан ел чемпионаты өз мәресіне жетті

23.03.2015
Астанада  Каратэ кекушинкайдан ел чемпионаты өз мәресіне жетті

Бүгінде бұл шығыс жекпе-жегімен елімізде 15 мыңнан астам адам айналысады. «Дәулет» спорт кешенінің төрінде төселген 3 татамиде 700-ге жуық спортшы өз өнерлерін ортаға салып, өзара мықтыларды анықтады.

Жекпе-жектер 4 жас шамасында өтіп, нәтижесінде 12-13 жасар жеткіншектер арасында Әлішер Абдонин, Кирилл Танбовцев, Хасен Алдияр, Арслан Жапаров және Данил Кошилевтер ел чемпиондары атанды. 14-15 жасар спортшылардың бәсекесінде Алтынбек Ануарбеков, Ақселеу Әлімжанов, Александр Ермолаев және Қадырәлі Машраповтарға тең келер ешкім болмады.

 

Индира БЕКТЕН

Хабарламаларға жазылу