Күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды

28.04.2014
Күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды
Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасындағы Азия чемпионаты   мәресіне жетті.
 
Грек-рим күресінен өткен белдесулердің қорытындысы бойынша Қазақстан 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен жалпыкомандалық есепте Қырғыз елі мен Иранды басып озып, бірінші орынды иемденді.
 
Алғашқы алтынды 85 келідегі айқаста өзбек палуанын ойсырата ұтқан Нұрсұлтан Тұрсынов алып берген еді.
 
Ал, 98 келіге дейінгі финалдық белдесуде Ерұлан Ысқақов жапониялық Акира Осакиді мерзімінен бұрын жеңіп, екінші алтынды елімізге сыйлады. Күмісті ел қоржынына - Мақсат Ережепов, ал, қола жүлдені - Азамат Күстібаев пен Айбек Еңсеханов салды.

Хабарламаларға жазылу