«МЮ» Энфилдте үш ұпай олжалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«МЮ» Энфилдте үш ұпай олжалады

23.03.2015
«МЮ» Энфилдте үш ұпай олжалады

Кездесу басталысымен ойын тізгінің өз қолына алған    қонақтар бірден шабуылға шықты.  Ойынның 14-ші минутында Хуан Мата есеп ашты.  Матчтың екінші бөлігінде «Ливерпуль» капитаны Стивен Джеррард алаңға шыққан.

Алайда бір минутқа жетпей, ойын тәртібін бұзып, алаңнан қуылды. Ал 59-шы минутта қайта Хуан Мата есепті еселеді. Араға 10 минут салып Даниэль Старридж есеп айырмасын қысқартқанымен, одан соң кездесудегі есеп өзгермеді.

 

Индира БЕКТЕН

Хабарламаларға жазылу