Тікелей эфир: «Манчестер Юнайтед» - «Сток Сити» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тікелей эфир: «Манчестер Юнайтед» - «Сток Сити»

02.12.2014
Тікелей эфир: «Манчестер Юнайтед» - «Сток Сити»

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Англия Премьер-лигасындағы ең тартысты ойындардың бірін тікелей эфирде көрсетеді. Бұл турда «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Сток Сити» футболшыларын қабылдайды.

«Олд Траффорд» стадионында өткен соңғы кездесуде Луи ван Гаал шәкірттері «Халл Сити» командасын 3:0 есебімен ойсырата ұтқан еді. Сол ойында аздап жарақат алған «МЮ» футболшысы Анхель Ди Мария бүгін алаңға шыға ма?

Ал, «Сток Сити» соңғы екі ойында жеңіліп қалды. Олар «Бернли» және «Ливерпульмен» өткізген матчта ұпай жинай алмады.

Сонымен қатар, жанкүйерлер бүгін «KAZsport» телеарнасынан тағы бір тартысты матчты тікелей эфирде көре алады. Тікелей эфирде «Лестер Сити» мен «Ливерпуль» кездесуі ұсынылады.

 

Фото: prosport-ru.tsn.ua

Хабарламаларға жазылу