Алматыда дін қызметкерлері арасында спартакиада өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда дін қызметкерлері арасында спартакиада өтті

14.03.2015
Алматыда дін қызметкерлері арасында спартакиада өтті

Алматыда дін қызметкерлерінің арасында спорттық сайыстардан қалалық cпартакиада өтті. Іс-шараның мақсаты - қоғамды зиянды әдеттерден қорғап, келешек ұрпақты имандылыққа баулу.

Салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды спортпен шұғылдануға шақыру. Жарысқа қаланың әр ауданының мешіттеріндегі қызметкерлерден құралған жеті команда қатысты. Олар арқан тарту, қол күрестіру, садақ ату сынды спорттың бірнеше түрінен өзара мықтыларды анықтады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Болашақта спарткиадаларды республиканың барлық аймағында өткізіп, белгілі бір жүйеге келтіріп, жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыру көзделіп отыр.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу