Мемлекеттік кіріс департаменті қызметкерлері арасында спартакиада басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік кіріс департаменті қызметкерлері арасында спартакиада басталды

21.02.2015
Мемлекеттік кіріс департаменті қызметкерлері арасында спартакиада басталды

Бүгін Жеңістің 70 жылдығына орай, Астанада мемлекеттік кіріс департаменті қызметкерлері арасында түрлі спорт ойындарынан спартакиада басталды.

Доданың алғашқы күні 12 командаға бөлінген қатысушылар футзалдан өзара сайысқа түсті. Алдағы уақытта воллейбол, баскетбол, үстел теннисі мен қол күрестен де мықтылар анықталып, ақтық сайыстар 9 мамырда өтпек. Осы шара арқылы азаматтарды салауатты өмір салтына шақырамыз,-дейді ұйымдастырушылар.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу