Қазақстан Қорғаныс министрі ресми сапармен Израильге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Қорғаныс министрі ресми сапармен Израильге келді

20.01.2014
Қазақстан Қорғаныс министрі ресми сапармен Израильге келді
Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Израиль мемлекетіне ресми сапармен келді.
 
Тель-Авивте Қазақстан мен Израиль қорғаныс министрліктері басшыларының кездесуі өтеді.
 
Әділбек Жақсыбеков пен Моше Яалон кездесу барысында екі елдің әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайтын болады.
 
Сапар шеңберінде Қазақстан мен Израиль үкіметтері арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады деп күтілуде.
 
Сондай-ақ, Иерусалимде Қазақстан Қорғаныс министрінің Израиль мемлекетінің президенті Шимон Переспен кездесуі жоспарланған.
 
Сапар барысында Әділбек Жақсыбеков бастаған қазақстандық әскери делегация Израильдің бірқатар жетекші қорғаныс кәсіпорындарында болады, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу