Бүгін - «Эль-Класико». «Барселона» мен «Реал» арасындағы кездесуді өткізіп алмаңыздар! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - «Эль-Класико». «Барселона» мен «Реал» арасындағы кездесуді өткізіп алмаңыздар!

02.12.2016
Бүгін -  «Эль-Класико». «Барселона» мен «Реал» арасындағы кездесуді өткізіп алмаңыздар!

Бүгін - 3 желтоқсан күні Ла Лиганың 14-ші туры өтеді. Әдеттегідей  «Kazsport» телеарнасы Испания футбол біріншілігінің осы турдағы 4 кездесуін (сенбі – 3 матч, жексенбі – 1 матч)  тікелей эфирде көрсетеді.

3 желтоқсан, 18:00.  «Гранада» - «Севилья»

Бұл ойында  «Севильяның» фаворит екені анық. Себебі, Хорхе Сампаоли шәкірттері турнирлік кестеде 27 ұпаймен «Барселона» мен «Реал» кейінгі 3-орында, ал, «Гранада» көш соңындағы 20-орыннан көтерілмей келеді. Бірақ, екі команда арасындағы соңғы кездесуде «Севилья» өз алаңында «Гранададан» 1:4 есебімен жеңіліс тапты. Бұл кезде севильялықтарды қазіргі ПСЖ-ның бас бапкері Унаи Эмери жаттықтырған болатын.

3 желтоқсан, 21:10. «Барселона» - «Реал Мадрид» 

Бұл екі ұжым - Испания чемпионы атануға негізгі үміткерлер. Дәл қазір Ла Лиганың турнирлік кестесінде «Реал Мадрид» көш бастап тұр. Корольдік клуб 13 турдан кейін 33 ұпайға ие. Ал, «Барселона»  27 ұпайымен 2-ші орында келе жатыр. 

Соңғы рет екі клуб 2 сәуір күні каталониялық команданың «Камп Ноу» стадионында кездесіп, Зиданның шәкірттері 1:2 есебімен басым түскен болатын.

Желтоқсанның 3-інен 4-іне ауған түні, 01:35. «Атлетико Мадрид» - «Эспаньол»

Диего Симеоне командасы соңғы турларда көп ұпай жоғалтып алды. Қазіргі уақытта клуб «Барселона» мен «Севилья» клубтарынан  3 ұпай қалып, 24 ұпаймен 4-орында келуде.

«Эспаньол» соңғы турларда тамаша ойын көрсетуде. Олар чемпионатта 8 ойын қатарынан жеңіліс танымай келеді. Турнирлік кестеде 12-орынға ие.

Аталған матчтарды «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу