Инчхон-2014. Жайна Шекербекова бокстан Азия ойындарының ширек финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Жайна Шекербекова бокстан Азия ойындарының ширек финалына шықты

27.09.2014
Инчхон-2014. Жайна Шекербекова бокстан Азия ойындарының ширек финалына шықты

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында әйелдер арасындағы бокс жарыстары басталды.

48-51 келі салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізген Жайна Шекербекова жапониялық Томоко Кугимиюді 3:0 есебімен ұтып, ширек финалға өтті.

Енді Жайна ширек финалда 2005 жылғы Әлемнің вице-чемпионы Солтүстік Корея спортшысы Хьянгми Римен (52 келі) жұдырықтасады. Хьянгми Риме алғашқы кезеңде өзбекстандық Насиба Рузиматованы 3:0 есебімен жеңген.

Фото: thenews.kz

Хабарламаларға жазылу