Қазақстандық спортшылар садақ ату спортынан жүлде ала алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық спортшылар садақ ату спортынан жүлде ала алмады

26.09.2014
Қазақстандық спортшылар садақ ату спортынан жүлде ала алмады

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында  садақ ату спорты бойынша жарыстар өтті.

Қазақстандық спортшылар классикалық садақ атудан жарысты аяқтады. Еліміздің ерлер құрамасы бірінші раундта Солтүстік Корея ойыншыларынан жеңілсе, әйелдер құрамасы ширек финалда Оңтүстік Корея спортшыларынан ұтылып, жарыс жолынан шығып калды.

Жекелей сында Фарида Түкебаева мен Луиза Сәдиева (әйелдер құрамасы) және Денис Ганькин  (ерлер құрамасы) 1/8-ге дейін жетті, дегенмен ойынды әрі қарай жалғастыра алмады.

Ал, кедергілер арқылы садақ атудан командалық жарыста еліміздің әйелдер құрамасы Үндістан ойыншыларынан, ерлер құрамасы Оңтүстік Корея спортышыларынан ұтылып қалды.


 

Фото: www.2do2go.ru

Хабарламаларға жазылу