Әйгілі теннисші Рафаэль Надаль Астанаға келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйгілі теннисші Рафаэль Надаль Астанаға келеді

11.09.2014
Әйгілі теннисші Рафаэль Надаль Астанаға келеді

24 қыркүйек күні Астанаға әлемдік теннисте аты аңызға айналған спортшы  Рафаэль Надаль келеді.

25  қыркүйекте Ұлттық теннис орталығында Надаль үздік ондыққа кіретін Жо-Вильфрид Тсонгамен кортқа шығып, өзара мықтыны анықтайды.

Бұл туралы бүгін өткен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Теннис федерациясының атқарушы директоры Диас Досқараев мәлімдеді.

Теннис жұлдыздары елордалық жас спортшыларға шеберлік сағатын өткізеді.

Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу