Қазақстандық волейболшылар Орталық Азия кубогын ұтып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық волейболшылар Орталық Азия кубогын ұтып алды

22.12.2015
Қазақстандық волейболшылар Орталық Азия кубогын ұтып алды

Жағажай волейболынан Қазақстан Ұлттық құрамасы Үндістанда өткен құрлықаралық Орталық Азия кубогын жеңіп алды.

Еліміздің әйелдер командасы финалда Шри-Ланка волейболшыларын 2:0 есебімен ұтса, Алексей Кулешов пен Александр Дьяченко жұбы ақтық сында 2:1 есебімен Рауфи -Салеми жұбын жеңді. Осылайша, Қазақстан құрамасы 2016 жылы көктемде Австралияда өтетін іріктеу турнирінде ел намысын қорғайды. Жеңімпаз команда Рио Олимпиадасына жолдама алады.

Хабарламаларға жазылу