Бақтияр Ибраев – Азия ойындарының қола жүлдегері
Оңтүстік Кореяның Инхчон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында 10 метрден жылжымалы нысананы көздеуден жекелей сайыстар аяқталды.
Ерлер бәсекесінде қазақстандық мерген Бақтияр Ибраев Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді. Ол үшінші орын үшін тартыста Солтүстік Корея спортшысы Мьонвон Пактан 7:5 есебімен басым түсті.
Бірінші орынды қытайлық Юйя Жай ұтып алса, екінші орында – Солтүстік Корея өкілі Йонгчой Жо.
Айта кетейік, бұл Бақтияр Ибраев үшін Азия ойындарының екінші қола жүлдесі. Ол бүгін командалық жарыста да үздік үштіктен көрінген еді.
Жекелей бәсекеде сынға түскен қазақстандық спортшылар Андрей Гуров пен Расим Молоғұлы 11-ші және 12-ші орынға тұрақтады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06