Инчхон-2014. Қазақстандық спортшылар жұптық ескек есуден «күміс» иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Қазақстандық спортшылар жұптық ескек есуден «күміс» иеленді

24.09.2014
Инчхон-2014. Қазақстандық спортшылар жұптық ескек есуден «күміс» иеленді

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында академиялық ескек есуден медальдар сарапқа салынды.

Жарыстың бұл түрінде қытайлық Цинли Дуан мен Ян Лью 1-ші орын алды. Ал қазақстандық Мария Васильева мен Светлана Германович жұбы Азия ойындарының күміс медалін иеленді. Таиланд елінің спортшылары Родджана Раклао және Пхуттаракса Нигри Вртн 3-ші орынға тұрақтады.

Академиялық ескек есу. Әйелдер. Жұптық. Инчхон (Оңтүстік Корея)

1. Цинли Дуан, Ян Лью (Қытай) — 7:33,23

2. Мария Васильева, Светлана Германович (Қазақстан) — +13,48

3. Родджана Раклао, Пхуттаракса Нигри Вртн (Таиланд) — +25,55.

Фото: zimbio.com.

Хабарламаларға жазылу