Инчхон қаласында Азия ойындарының төртінші жарыс күні аяқталды
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан XVII Жазғы Азия ойындарында қазақстандық дзюдошылар татами иелерімен финалдық бәсекеде күш сынасты.
Алдымен Азамат Мұқанов қарсыласын ұпай санымен ұтты. Одан кейін 73 келідегі Дастан Ықыбаевта қарсыласына жол берсе, 81 келіде Әзиз Қалқаманұлы жеңілді.
Ал, 90 келі салмақтағы кореялық палуан Тимур Болатты таза ұтты. Сөйтіп, ел құрамасы күміс жүлдені қанағат тұтты.
Ал, суға жүзуден Дмитрий Баландин ел қоржынына алтын медаль салды. Ол брасс әдісімен 200 метр қашықтықты 2 минут 7 секундта бағындырып, жаңа рекорд орнатты.
Нұрсұлтан Тұрсынқұлов ушу-саньдадан қола медальға ие болды.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Таза Қазақстан» – әдемі ұран да, науқан да емес. Бұл – күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі.
29.09.2026, 11:51
Президент: Біз Германияға стратегиялық маңызды материалдар саласында серіктестік құруды ұсынамыз
29.09.2026, 11:03
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08