Азия ойындарында Мая Манезаның рекорды жаңарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындарында Мая Манезаның рекорды жаңарды

23.09.2014
Азия ойындарында Мая Манезаның рекорды жаңарды

2014 жылғы Азия ойындарында ауыр атлетикадан 63 келі салмақ дәрежесінде қатысқан Тайпей спортшысы Линь Цу Чи жұлқа көтеруде әлемдік рекорд жасады.

Осы салмақтағы рекордтық көрсеткіш (143 келі) 2010 жылы қазақстандық Олимпиада чемпионы Мая Манезаға тиесілі еді. Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында Линь Цу Чи Манезаның рекордын қайталады.

Одан кейін  қытайлық Дэн Вэй 144 келіні еңсерді. Алайда, аздан соң Линь соңғы шыққанында 145 келі көтеріп, рекордтық көрсеткішті өзіне жазды.

Фото: iwf.org

Хабарламаларға жазылу