Инчхон-2014. Қазақстанның әйелдер құрамасы оқ ату жарысында 6-шы орын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Қазақстанның әйелдер құрамасы оқ ату жарысында 6-шы орын алды

26.09.2014
Инчхон-2014. Қазақстанның әйелдер құрамасы оқ ату жарысында 6-шы орын алды

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату жарысында әйелдер арасындағы командалық сайыс аяқталды.

Қытай командасы жарыстың «алтынын», ал вьетнамдық спортшылар «күмісті» иеленді. Катар командасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Ботакөз Исенова, Наталья Гурова мен Наталья Юнусметова бастаған Қазақстан құрамасы 7 команданың ішінде 6-шы орын алды.

Оқ ату. Әйелдер. Командалық жарыс. 10 метр. Жылжымалы нысананы көздеу. Азия ойындары. Инчхон (Оңтүстік Корея)

1. Қытай — 1148 — Азия ойындарының рекорды

2. Вьетнам — 1106

3. Катар — 1073

6. Қазақстан — 1040. 

Хабарламаларға жазылу