Конькимен жүгіру: Дмитрий Морозов 1500 метр қашықтықта 18-орын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конькимен жүгіру: Дмитрий Морозов 1500 метр қашықтықта 18-орын алды

08.02.2022
Конькимен жүгіру: Дмитрий Морозов 1500 метр қашықтықта 18-орын алды

1500 метр қашықтықта сынға түскен қазақстандық Дмитрий Морозов 01:47:01 уақыт нәтижесімен Олимпиада ойындарында 18-орын алды.

Олимпиада чемпионы - әлем рекордының иегері және Олимпиада рекордын жаңартқан Кьельд Нёйс (Нидерланд) . Осылайша Нёйс екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Күміс жүлдені де нидерландтық спортшы Томас Крол еншіледі. Қола жүлде оңтүстіккореялық Ким Мен Сёкке бұйырды.

Бұл жарыста Олимпиада рекорды екі рет жаңарды.

Хабарламаларға жазылу