Инчхон-2014. Нысана көздеуден Сергей Вохмянин 13-ші нәтиже көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Нысана көздеуден Сергей Вохмянин 13-ші нәтиже көрсетті

24.09.2014
Инчхон-2014. Нысана көздеуден Сергей Вохмянин  13-ші нәтиже көрсетті

Бүгін Инчхонда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында ерлер арасында 25 метр қашықтықта пистолеттен оқ ату жарысы өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша қазақстандық Сергей Вохмянин  13-ші нәтиже көрсетті.

Ең үздік нәтиже қытайлық  Юхонг Лиге тиесілі. Екінші және үшінші  орындарда – оңтүстіккореялық  спортшылар Йонгхо Сон мен Даекью Янг.

1. Юхонг Ли (Қытай) - 586 - Азия  рекорды

2. Йонгхо Сон (Оңтүстік Корея) - 584

3. Даекью Янг (Оңтүстік Корея) - 582

13. Сергей Вохмянин (Қазақстан) - 569. 

 

Хабарламаларға жазылу