Инчхон-2014. Дзюдошы Ленария Меңғазова қола жүлдегер атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Дзюдошы Ленария Меңғазова қола жүлдегер атанды

20.09.2014
Инчхон-2014. Дзюдошы Ленария Меңғазова қола жүлдегер атанды

Қазақстандық дзюдошы Ленария Меңғазова (52 келі) Инхчон өтіп жатқан Азия ойындарында қола медаліне ие болды.

Ол жүлделі орын үшін таласта үнді қызы Калпана Деви Зоудамды ұтты.

Айта кетейік, Ленария Меңғазова алғашқы белдесуінде Макао өкілі Чи Ленг Вонгты жеңсе, ширек финалда Моңғолия палуаны Цолмон Адиясамбуудан айласын асырды.

Ал, финалға берілетін жолдама үшін тартыста Түркіменстан палуаны Гүлбадам Бабамұратованы жеңе алмады.

 

Хабарламаларға жазылу