Инчхон-2014. Рыпакова – чемпион, Эктова – қола жүлдегер
Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында жеңіл атлетика жарыстары өтті.
Үш қарғып секіруден Лондон Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық Ольга Рыпакова жеңімпаз атанды.
Ол ең үздік мүмкіндігінде 14 метр және 32 сантиметрді көрсетті. Бұл көрсеткіштен қарсыластары аса алған жоқ.
Ольга Рыпакова осымен екінші рет Азия ойындарының алтын жүлдесін иеленіп отыр. Ол бұған дейін Гуанчжоуда өткен додада топ жарған еді.
Бұл бәсекеде сынға түскен тағы бір қазақстандық Ирина Эктова соңғы мүмкіндікті сәтті пайдаланып, қола жүлдені жеңіп алды.
Ал, күміс медаль өзбек спортшысы Александра Котляроваға бұйырды.
Айта кетейік, бүгін жеңіл атлетика бәсекесінде қазақстандық екі желаяқ Маргарита Мұқашева мен Ольга Сафронова «алтын» алған еді.
Фото: zimbio.com
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті
16.12.2025, 17:58
Мемлекет басшысы Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
16.12.2025, 17:57
Биыл 79 спорт нысаны пайдалануға берілді
16.12.2025, 17:26
Отпен арпалысқан өрт сөндіруші
16.12.2025, 17:24
Мәдениет саласына 14 жаңа қызметтік автокөлік табысталды
16.12.2025, 17:20
100% сапалы ауызсумен қамтылады
16.12.2025, 17:17
Кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді
16.12.2025, 17:14
Биыл Қарағанды облысында 25 инвестициялық жоба жүзеге асты
16.12.2025, 17:10