Дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингке көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингке көтерілді

05.04.2024

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Олимпиадалық рейтингіде үшінші, ал әлемдікте төртінші орында. Дарынды спортшы халықаралық дзюдо федерациясының жаңартылған тізімінде бірнеше сатыға жоғарылап, қазақ қыздарында бұрын-соңды болмаған көрсеткішке қол жеткізді. Әбиба биыл өзі қатысқан ресми турнирлердің бәрінде жүлдеге ілікті. Алдымен Португалиядағы Гран-при мен Бакудегі Grand Slam-де қола жүлдегер атанды.

Сонан соң Анталиядағы Grand Slam-де қола, ал Ташкенттегі Grand Slam-де күміс медаль иегері атанды. Соның арқасында олимпиадалық рейтингіде 4 мың 576 ұпай жинап, 48 келіге дейінгілер арасында үздік үштікті түйіндеді.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу