Таиланд ханшайымы Алматыға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таиланд ханшайымы Алматыға келді

13.04.2016
Таиланд ханшайымы Алматыға келді

Таиланд ханшайымы Маха Чакри Сириндхорн жұмыс сапарымен Алматыға келді, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Таиланд ханшайымы Маха Чакри Сириндхорн қала әкімі Бауыржан Байбектің қабылдауында болып, кездесуде екі елдің мәдени-гуманитарлық байланысын арттыру жолдары талқыланды.

Ал, осы айдың басында қала әкімі жұмыс барысымен Таиланд корольдігіне барған еді. Сол сапарында Бауыржан Байбек бизнес өкілдерінен бөлек Таиландтың Туризм және спорт министрімен және Бангкок губернаторымен кездескен еді.

Хабарламаларға жазылу