ҚХЛ. «Барыс» - «Салават Юлаев» 5:4 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХЛ. «Барыс» - «Салават Юлаев» 5:4

05.09.2014
ҚХЛ. «Барыс» - «Салават Юлаев» 5:4

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымын жеңіспен бастады.

Елордалық команда өз айдынында уфалық «Салават Юлаев» хоккейшілерін қабылдап, 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Тартысқа толы болған ойынның 4 минутында «Барыс» сапынан Найджел Доус есеп ашса, 3 минуттан кейін Дастин Бойд есепті еселей түсті.

Ал, бірінші кезеңді Андрей Назаров шәкірттері 3:0 есебімен аяқтады. Екінші кезеңде қарсыластар жиі шабуыл ұйымдастырып, «Барыс» қақпасына 4 шайба соқты.

Үшінші кезеңде таблодағы көрсеткішті Кевин Даллмэн теңестірсе, ойынның соңғы секундында Найджел Доус жеңіс шайбасын соғып, есепті қорытындылады.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

 

Хабарламаларға жазылу