Тікелей эфирде – «Манчестер Юнайтед» - «Суонси Сити» ойыны - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тікелей эфирде – «Манчестер Юнайтед» - «Суонси Сити» ойыны

11.08.2014
Тікелей эфирде – «Манчестер Юнайтед» - «Суонси Сити» ойыны

«KAZsport» телеарнасы Англия премьер-лигасындағы алғашқы көрсетілімді «Манчестер Юнайтед» - «Суонси Сити» клубтарның арасындағы кездесумен бастамақ. Бұл туралы «KAZsport» телеарнасының директоры Диас Ахметшәріп мәлімдеді.

«16-шы тамыз күні Англия премьер-лигасы басталады. Біз алғашқы тікелей трансляциялық мачты «Олд Траффорд» стадионыннан көрсетеміз. Яғни, «Манчестер Юнайтед» - «Суонси Сити» арасындағы кездесумен бастамақпыз. Бірінші күні 1 ойынды тікелей эфирде және 3 ойынды жазып алып, көрермендерге ұсынамыз. Себебі, барлық мачтар бір уақытта басталады», - дейді «KAZsport» телеарнасының директоры.

Сағат 14:45-те «Манчестер Юнайтед» - «Суонси Сити» арасындағы кездесуді тікелей көрсетсе, «Вест Хэм Юнайтед» - «Тоттенхэм», «Лестер Сити» - «Эвертон» және  «Арсенал» - «Кристалл Пэлас» ойындарын жазып алып көрсетеді. Ал, тамыздың 17-сі күні «Ливерпуль» - «Саутгемптон» және «Ньюкасл» - «Манчестер Сити» ойындарын тікелей эфирден көре аласыз.

Хабарламаларға жазылу