Ресейде аралас жекпе-жектен «М-1 challenge» турнирі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде аралас жекпе-жектен «М-1 challenge» турнирі аяқталды

16.08.2014
Ресейде аралас жекпе-жектен «М-1 challenge» турнирі аяқталды

Ресейде аралас жекпе-жектен «М-1 Challenge» турнирі аяқталды. Невадағы жекпе-жек деп аталатын жарысқа жерлесіміз Дәурен Ермеков қатысқан болатын.

26 жастағы спортшы екі раундтық жекпе-жекте қарсыласы Хабиб Исаевқа жол берді.

Сондай-ақ, Антон Телепнев, Артем Гылбчак, Адам Цуров және Марат Балаев қарсыластарынан басым түсіп, сайыс жеңімпазы атанды. Ал, арнайы Кубок үшін өткен сайыста Штефан Пютц пен Марчин Тыбураның мерейі үстем болды.

Хабарламаларға жазылу