Тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

03.07.2014
Тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

Моңғолияда  тоғызқұмалақтан халықаралық турнир аяқталды. Жарысқа 5 елден 70-ке жуық спортшы қатысты.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан командасы бірінші орынды иеленсе, екінші орында жергілікті командаға бұйырды. Қырғыз елінің құрамасы  қола медальға қол жеткізді.

Өз  жас ерекшеліктерінде Нұрлан Есенбек, Құндыз Есіркеп, Серікмұрат Тойбазар, Гүлнара Базарашева  алтыннан алқа тақса,  Қазақстан Республикасының тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Мақсат Шотаев ересектер арасында бас жүлдені жеңіп алды.

 

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу