Футболдан Әлем чемпионаты жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Әлем чемпионаты жалғасуда

27.06.2014
Футболдан Әлем чемпионаты жалғасуда
Футболдан Бразилияда Әлем чемпионаты жалғасуда. Әлемдік доданың 1/8 финалына жолдама алған құрамалар толықтай анықталды.
 
Енді ширек финалға берілетін жолдаманы ертеңнен бастап Бразилия құрамасы мен Чили футболшылары сарапқа салады.
 
Сол секілді Колумбия мен Уругвай кездессе, Голандия мен Мексика өзара мықтыны анықтайды. Ал, Коста-Рика болса Грециямен, Франция Нигериямен қарсылас атанды.
 
Немістер Алжирмен құрамасымен күш сынасса, Аргентина футболшылары Швейцарияға қарсы тұрмақ. Бельгиялықтар АҚШ құрамасымен бақ сынайды.

Хабарламаларға жазылу