Алматыда таеквондодан «Федерация Кубогы» ойындары өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда таеквондодан «Федерация Кубогы» ойындары өтуде

13.06.2014
Алматыда таеквондодан «Федерация Кубогы» ойындары өтуде
 
Алматыда таеквондодан «Федерация Кубогы» ойындары өтуде. Жарыста 16 команда, 250-ге тарта спортшы бақ сынауда.
 
Алғашқы күннің қорытындысы бойынша алты салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
 
58 келіде оңтүстікқазақстандық Нұрсұлтан Мамаев үздік болса,
 
53 келі салмақтағы әйелдер арасындағы финалда алматылық Фариза Алдоңғарова жеңімпаз атанды.
 
Сол секілді 73 келіге дейінгі салмақта Феруза Ергешова І орын алды. Ерлер арасында 87 келіде жамбылдық Абдрамбек Мақсат «Федерация Кубогын» иеленді.
 
Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу