2017 жылы Дэвис кубогы мен Федерация кубогы ойындары Астанада өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2017 жылы Дэвис кубогы мен Федерация кубогы ойындары Астанада өтеді

08.12.2016
2017 жылы Дэвис кубогы мен Федерация кубогы ойындары Астанада өтеді

2017 жылы теннистен Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары ойындарын Астанада өткізеді.

6-11 ақпанда Астана қаласындағы Ұлттық теннис орталығында Азия-Тынық мұхит аумағы бірінші тобының матчтары өтіп, Қазақстан әйелдер құрамасы Федерация кубогы Әлемдік тобының плей-офф кезеңіне шығу үшін бірқатар кездесулер өткізеді.

Екінші Әлемдік топқа шығу үшін Өзбекстан, Қытай, Таиланд, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея және Филиппин елдері таласады.

Ерлер құрамасы жарысты Азия-Тынық мұхит аумағының екінші кезеңінен бастайды. Жарыс Астанада 7-9 сәуірде өтеді. Біздің құраманың қарсыласы 3-5 ақпанда бірінші кезеңдегі Қытайлық Тайпей мен Қытай арасында өтетін кездесуде анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Азия-Тынық мұхит аумағы бірінші тобында 6-орынға ие болды. Ал, ерлер құрамасы Әлемдік топтың плей-офф кезеңінде Ресей командасына 1:3 есебімен жол беріп, Азия-Тынық мұхит аумағы бірінші тобына қайтып келді.

ktf.kz

Хабарламаларға жазылу