Триатлоншы Аян Бейсенбаев - Азия чемпионы (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Триатлоншы Аян Бейсенбаев - Азия чемпионы (ВИДЕО)

02.06.2014
Триатлоншы Аян Бейсенбаев - Азия чемпионы (ВИДЕО)
 
Ақмола облысында триатлоннан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Құрлықтық сайыста Қытайда жасөспірімдер арасында өтетін екінші Олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынды.
 
Ал, жастар  Әлем чемпионатына іріктеу жүргізді. Қазақстандық спортшылардың арасынан екеуі жүлдеге ілінді. Жасөспірімдер арасында Арман Қыдыртаев қола медаль алса, жастар бәсекесінде Аян Бейсенбаев Азия чемпионы атанды. 
 
Суға жүзумен велошабандоздар бәсекесінде көш бастап келген Аян жүгіргенде барын салып, көмбеге бірінші келді.
 
 Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу