Қазақстандық триатлоншылар қола жүлдені иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық триатлоншылар қола жүлдені иеленді

03.06.2014
Қазақстандық триатлоншылар қола жүлдені иеленді
Ақмола облысында триатлоннан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні қатысушылар командалық эстафетада мықтыны анықтады.
 
Жарыс жолына 8 команда шыққан болатын. Олардың қатарында қазақстандық спортшыларда бар. Оксана Грот, Темірлан Теміров, Кристина Нестеренко және Аян Бейсенбаев өнер көрсеткен Ұлттық құрама қола медальға қол созды.
 
Ал бас жүлдені Жапония елінің өкілдері жеңіп алды. Күміс жүлдені Гонконг командасы иеленді. Енді 21 маусымда Ақмола облысында Азия кубогының кезеңі өтеді.
 
Темірлан Теміров, Азия чемпионатының қола жүлдегері:
Бұл жолы біз бар күш-жігерімізді салып жүлдеге ілінуге тырыстық. Өйткені, былтыр біз жүлдеге бір қадам жетей төртінші орын алып едік. Өте қуаныштымыз. 
 
 
Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу