Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 6 алтын медаль еншіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 6 алтын медаль еншіледі

30.01.2014
Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 6 алтын медаль еншіледі
Бангкокте өткен Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстанның былғары қолғап шеберлері 6 алтын, 3 қола медаль еншілеп, командалық есепте 1-орынға шықты, деп хабарлады ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі.
 
Сұлтан Зәуірбек,  Абылайхан Жүсіпов, Аян Қалибеков, Вадим Казаков, Темірлан Қабиев және  Елдос Қадырбаевтар  Азия чемпионы атанды. Ал қола медальді  Ертуған Зейнулинов, Иван Ковалев және Илья Очкин еншіледі.
 
Айта кетейік, бүгін ғана аяқталған Азия біріншілігіне 16 елдің спортшылары қатысты. Қазақстан бұл байрақты бәсекеге барлық салмақ санатында былғары қолғап шеберлерін апарған болатын.

Хабарламаларға жазылу