Көкпардан халықаралық турнир аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкпардан халықаралық турнир аяқталды

15.04.2014
Көкпардан халықаралық турнир аяқталды
Жаппай көкпардан Алпамыс батыр құрметіне арналған халықаралық турнир мәреге жетті. Жарыста 4 мемлекеттің Өзбекстан, Қырғыз елі, Тәжікстан, Қазақстан спортшылары 60 келі тартатын серкені тақымға басып, нағыз мықтыны анықтады.
 
Мыңнан аса шабандоз қатысқан сайыста Жұлдызхан Тайырбековтың өнері өзгелерден жоғары бағаланды. 30 минуттың ішінде екі мәрте қанжығасы майланды. «Әулиеата» көкпар командасының шабандозы Бағлан Шырынбаев та озық шықты.
 
Ал, Нұрдаулет Момынов халықаралық жарыста намысты қолдан бермеді. Өзбекстандық шабандоздың тақымындағы серкені жұлып алып, нағыз қазақ батырына тән қасиетті көрсетті. «Ракета» атты жирен тұлпарын тақымдаған, Жамбылдың жампозы мәреге бірінші болып келді. 
 
 
Рүстем БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу