Таразда дзюдодан халықаралық турнир аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда дзюдодан халықаралық турнир аяқталды

07.10.2014
Таразда дзюдодан халықаралық турнир аяқталды

Тараз қаласында Бақытжан Ташметовті еске алу арналған дзюдодан ХІ халықаралық турнир аяқталды.

Жарыс 1998-99 жылы туған спортшылар арасында «Тараз-Аренада» өтті. Сайысқа Қазақстанның барлық өңірінен, Ресей мен Қырғыз Республикасынан 584 жас дзюдошы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша, жалпыкомандалық бірінші орынды –Тараз, екінші орынды – Астана, үшінші орынды – Алматы спортшылары иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 50 мың (1-орын), 30 мың (2-орын) және 25 мың (3-орын) теңге алды.

confederation.kz

Хабарламаларға жазылу